Білім беру ұйымдарына жұмысқа орналастыру

БІЗДІҢ ЖАҢАЛЫҚТАР

1 маусым күні Оқушылар сарайында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «TV-балалық шақ» атты жарқын мерекелік іс-шара өтті.
Мереке ерекше телевизиялық эфир форматында ұйымдастырылып, балаларды қызықты айдарлар, көңілді әндер, әсерлі билер, тартымды байқаулар мен танымдық викториналар күтті. Әрбір қатысушы өзін үлкен мерекелік шоудың бір бөлшегі ретінде сезіне алды.
Балалардың ерекше қызығушылығын шығармашылық станциялар тудырды. Онда олар өз қабілеттерін көрсетіп, түрлі шеберлік сабақтарына қатысып, уақыттарын көңілді өткізді.
Мерекелік бағдарламаның қорытындысы ретінде «TARLAN» картинг мектебінің жарыстары өтті. Жас шабандоздар карт басқарудағы шеберліктерін көрсетіп, жылдамдық, ептілік және кәсіби дағдылар бойынша бақ сынасты.
Мереке балаларға көтеріңкі көңіл-күй, жарқын әсерлер мен ұмытылмас сәттер сыйлады. Оқушылар сарайындағы Балаларды қорғау күні шынайы қуанышқа, қызыққа және ерекше әсерге толы болды!

29 мамырда Қарағанды қаласында Жас жол инспекторларының облыстық слеті өтті.
Жарыста біздің қаламыздың намысын Ш. Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясы мен №8 жалпы орта білім беретін мектептің оқушыларынан құралған Оқушылар сарайының құрама жасағы қорғады.
Слет барысында балалар жол жүру ережелерін білу деңгейін, велосипедті мәнерлеп жүргізу дағдыларын, алғашқы медициналық көмек көрсету негіздерін көрсетіп, сонымен қатар басқа да конкурстық сынақтарға қатысты.
Қатысушылар жоғары дайындық деңгейін, ауызбіршілік, жауапкершілік танытып, жеңіске деген ұмтылыстарын көрсетті. Іс-шара қорытындысы бойынша Варвара Болтикова «Үздік командир» номинациясында марапатталды.
Барлық қатысушыларға естелік сыйлықтар мен сертификаттар табыс етілді. Балаларды лайықты өнер көрсетулерімен құттықтаймыз және алдағы уақытта да табыстар мен жаңа жетістіктер тілейміз!

12–19 маусым аралығында «Каркассон» үстел ойынынан III қалалық турнир өтті. Турнирге Оқушылар сарайының 10 тәрбиеленушісі қатысып, бірнеше күн бойы өздерінің логикалық ойлау қабілеттерін, стратегиялық шешім қабылдау дағдыларын және ойын шеберліктерін көрсетті.
Турнир қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей анықталды:
🥇 І орын – Олег Вдовиченко
🥈 ІІ орын – Станислав Сакалаускас
🥉 ІІІ орын – Максим Аяпов
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер медальдармен, дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Барлық қатысушыларды көрсеткен белсенділігі мен жоғары ойын мәдениеті үшін құттықтаймыз! Алдағы уақытта жаңа жетістіктер мен жарқын жеңістер тілейміз!

Астана қаласында кеме модельдеу спорты бойынша Қазақстан Республикасының XXXI чемпионаты өтті.
Оқушылар сарайының командасы Қарағанды облысының құрама командасы құрамында өнер көрсетіп, республикалық деңгейде өңір намысын лайықты қорғады.
Біздің тәрбиеленушіміз Фомин Богдан радиобасқарылатын көшірме-модельдер сыныбында III орынға ие болып, жоғары дайындық деңгейін, шеберлігі мен табандылығын көрсетті. Чемпионат қорытындысы бойынша Қарағанды облысының құрама командасы жалпыкомандалық есепте I орынды жеңіп алды! Спортшыларымыз бен педагогімізді жоғары жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз! Жаңа жеңістер, сәтті бастамалар және толағай табыстар тілейміз!

«111 – AMANAT» бірыңғай мемлекеттік байланыс орталығына

  • ✅ 16 қазаннан бастап тұрмыстық зорлық-зомбылық пен буллинг құрбандары «111 – AMANAT» бірыңғай мемлекеттік байланыс орталығына тәулік бойы хабарласа алады. Бұл туралы бүгін @primeministerkz ресми телеграмм каналында хабарлады.
  • 🟢 Қалалық нөмірлер мен ұялы байланыс операторлары үшін қоңырау шалу тегін.
  • 🟢 Азаматтарға қажетті көмек мәтіндік диалог арқылы да көрсетілетін болады.
  • 🟢 Қиын жағдайға тап болған қазақстандықтарға көмек көрсету үшін білікті психологтар мен заңгерлер тартылды.
  • 🟢 Бірыңғай сенім телефоны мемлекеттік шұғыл қызметтер тізбесіндегі 101, 102, 103 және т.б. нөмірлердің қатарына енгізіледі. Бұл азаматтарға құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу арқылы жедел түрде көмек көрсетуге мүмкіндік береді.